Оңайырағын қалайсыз ба? Теңгерімнен QR-код арқылы төлеңіз.
Visa QR-мен Кэшбэк
Жол ақысын және серіктестеріміздің тауарларды activ/Kcell қолданбасының көмегімен Visa QR арқылы төлеп, 30% дейін кэшбэк алыңыз. Бізбен бірге жылдам әрі түйісусіз төлем жасаңыз!
-
activ немесе kcell
қолданбасын
пайдаланыңыз -
Visa QR арқылы саудаңызды төлеп, қоғамдық көлікпен жол жүру ақысын төлеңіз
-
25% кэшбэк
алыңыз!
Visa QR арқылы қайда төлеуге болады?
Visa QR жапсырмасы бар кез келген жерде: кафе және мейрамханалар, сұлулық салондары, дүкендер және қоғамдық көлік.
Visa QR - бұл телефоныңызды ғана пайдалану арқылы тауарлар немесе қызметтер үшін Visa картасынан төлем жүргізуге мүмкіндік беретін мобильді төлем жасауға арналған заманауи шешім. Visa QR белгісін көрсеңіз, телефонды QR-ға бағыттаңыз және тауар «қалтаңызда» болады!
Тауарлар мен қызметтерге ыңғайлы және заманауи форматта ақы төлеңіз!
Қоғамдық көлікте және басқа да орындарда Visa QR арқылы төлеуге болатыны туралы толығырақ
Біздің серіктестер
«Visa QR-мен Кэшбэк» науқанын өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер.
1.1. Осы «Visa QR-мен Кэшбэк» науқанын өткізу ережесі (бұдан әрі – «Ереже») осы науқанды (бұдан былай – «Науқан») өткізу тәртібін, қатысу талаптарын, сондай-ақ бонусты, оны Науқан қатысушыларына беру тәртібі мен талаптарын айқындайды.
1.2. Науқанды өткізу мақсаты: Науқанды «Кселл» АҚ (бұдан әрі - Оператор) «Кселл» АҚ қолданбаларында Visa QR/QRpay арқылы төлем жүргізу жолымен теңгерім арқылы қоғамдық көлікте жол жүру ақысын және сауда нүктелерінде төлеуді алға жылжыту, мобильді қаржылық сервистерді жаңа пайдаланушылар ағынын түзу, сондай-ақ Оператор абоненттерін мобильді қаржылық сервистерді пайдалануларын ынталандыру мақсатында жүргізілуде.
1.3. Науқан талаптары:
1.3.1. Науқанды өткізу кезеңі: 2020 жылғы «22» қазаннан бастап 2021 жылғы «31» тамызға дейін қоса алғанда.
1.3.2. Науқанды өткізу аумағы – Қазақстан Республикасы (Оператордың желісін қамту аймағы).
1.3.3. Науқанға қатысушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында тұруға ыхтияр хаттары бар, жеке тұлға атына тіркелген нөмірге ие activ және Kcell абоненттері (бұдан әрі - Абонент).
2. Науқанды өткізу тәртібі
2.1. Науқанды өткізу кезеңінде бір мезгілде мына өлшемдерге сәйкес келетін Абонент Науқанға қатысушы болып танылады:
2.1.1. Қатысушы Қазақстан Республикасының қалаларында өз теңгерімінің көмегімен ақы төлеуді (бұдан әрі - Ақы төлеу) жүзеге асырады:
- activ/Kcell қолданбасы арқылы көлік салонында орналастырылған Visa QR кодын сканерден өткізіп, қоғамдық көлікте жүргені үшін;
- activ/Kcell қолданбасы арқылы сауда нүктелерінде орналастырылған Visa QR кодын сканерден өткізіп, сауда нүктелерінен тауар/қызмет сатып алғаны үшін және Төлемнің сәтті өткені туралы хабарлама алады.
2.1.2. Төлемнің осы тәсілі Қазақстан Республикасының қалаларында қолжетімді:
- қолма-қол ақшасыз төлемдерді (электрондық билеттеу) жүргізу мүмкіндігі бар және көлік құралы салонының ішінде Visa QR коды бар жапсырмасы бар барлық қалалық маршруттарда;
- Visa QR/QRpay арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүргізуге болатын және/немесе Visa QR коды бар жапсырмасы бар барлық сауда нүктелерінде.
2.1.3. Қоғамдық көліктегі жолақыны activ/Kcell қолданбасы арқылы (қала маңындағы маршруттарды қоспағанда) көлік құралы салонының ішіндегі жапсырмада орналастырылған Visa QR кодын сканерлеп төлеуге болады.
Аталған әрекеттер орындалғаннан кейін абонентке электрондық билетті қамтитын SMS келеді. Абонент теңгерімінен жолақы құны алынады.
Жолақы құны Науқанды өткізу мерзімінде сәйкес қаладағы жолақы құнына сәйкес анықталады. Билет бір сапарға жарамды. Екінші билетті сатып алу үшін Visa QR кодты тағы бір мәрте сканерлеп, электрондық билеті бар SMS алу қажет.
Қоғамдық көліктегі Visa QR/QRpay бойынша төлемді жүзеге асыруға болатын Қазақстан Республикасының қалалары: Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Ақтөбе, Петропавл, Ақтау, Атырау, Қостанай және Түркістан. Төлем қолжетімді автобустардың бағыттары туралы толық ақпаратпен https://smsbus.kz сайтынан танысуға болады.
2.1.4. Сату нүктесіндегі тауар/қызмет үшін activ/Kcell қолданбасы арқылы сату нүктесінің ішіндегі жапсырмада орналастырылған Visa QR кодын сканерлеп төлеуге болады. Аталған әрекеттер орындалғаннан кейін абонентке төлем туралы ақпаратты қамтитын SMS келеді. Абонент теңгерімінен сауда құны алынады.
2.1.5. Төлеу сәтінде абонент теңгерімінде операцияны жүргізу үшін жеткілікті сома болуы тиіс. Абонент үшін Visa QR/QR pay бойынша ақы төлеу тегін. Төлемді аванстық төлем тәртібіндегі Абоненттер, жеке тұлғалар жүргізе алады. Науқанға қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын пайдаланатын азаматтардың санаттары қатыспайды.
2.1.6. Қатысушының телефон нөмірі қосулы болуы тиіс.
2.1.7. Қатысушы нөміріне Төлем жүргізілгеннен кэшбэк беріледі:
- қоғамдық көліктермен жол жүру ақысының 30% дейінгі мөлшерде.
- Менің activ/Kcell қолданбасы арқылы сауда нүктелерінде орналастырылған Visa QR кодын сканерден өткізіп, сауда нүктелерінен тауар/қызмет сатып алғаны үшін төлем құнының 15% -ына дейінгі мөлшерде;
2.1.8. Науқанды өткізу кезеңінде Қатысушы нөмірінің теңгеріміне кэшбэк беру шарттары:
- кэшбэк Қоғамдық көлікте жол жүру төлемі жүзеге асырылған бір абоненттік нөмір бойынша күніне 2 сапарға ғана есептеледі. Кэшбэк күніне 3-ші және одан кейінгі сапарларға берілмейді».
- кэшбэк сауда нүктесінде орналастырылған Visa QR/QR pay кодын activ/Kcell қолданбасы арқылы сканерлеп, Сауда нүктелерінде тауарды/көрсетілетін қызметті сатып алу үшін ақы төлеу жүзеге асырылған бір абоненттік нөмір бойынша күніне 2 (екі) VisaQR-дан аспайтын төлемге есептеледі.
- жасалған бір төлем үшін кэшбэктің ең көп сомасы 500 (бес жүз) теңгеден аспайды.
- Қатысушының бір абоненттік нөмірі бойынша айына ең көп кэшбэк сомасы 5 000 (бес мың) теңгеден аспайды.
2.1.9. Кэшбэк Оператордың қаражаты есебінен абоненттің мобильді теңгеріміне беріледі.
2.1.10. Қатысушы теңгеріміне кэшбэкті есептеу бірден жүзеге асырылады. Техникалық және/немесе өзге де себептерден туындаған ерекше жағдайларда Оператор Төлем жүргізілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын Қатысушы теңгеріміне кэшбэк есептеудің өзге мерзімін белгілеуге құқылы.
2.1.11. Егер жүргізілген Төлемді кез келген себептермен қайтару жүзеге асырылса, онда Науқан бойынша Қатысушы нөмірінің теңгеріміне бұрын есептелген кэшбэк бірден автоматты түрде теңгерімнен алынады. Техникалық және/немесе өзге де себептерден туындаған ерекше жағдайларда Оператор Қатысушы теңгерімінен кэшбэкті есептен шығарудың Төлеуді (төлемді) қайтару жүргізілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын өзге мерзімін белгілеуге құқылы.
2.2. Науқанның басталуына дейін төлем жүргізген 2.1-тармақта көрсетілген Абоненттер Қатысушылар тізіміне енбейді.
2.3. Осы Науқан тек Visa QR/QR pay төлеміне ғана қолданылады, қалған барлық QR төлемдері Науқанға қатыспайды.
2.4. Кэшбэк Visa QR/QR pay көмегімен төлемдер бойынша activ/Kcell нөмірлерінің теңгерімін толықтыру және кез келген төлем нүктелерінде, интернет сайттарында және мобильді қолданбаларда электрондық әмияндарды толықтыру бойынша берілмейді.
2.5. Оператор Науқанды өткізу кезеңі ішінде Абоненттерге өткізілетін Науқан туралы ақпаратпен SMS-хабарлама жіберуге құқылы.
2.6. Науқан шеңберінде Науқанға қатысушының абоненттік нөміріне есептелген кэшбэк «Экстра теңгерім», «Авто экстра теңгерім», «Экстра мегабайттар», «Авто экстра мегабайттар» қызметтері бойынша берешекті төлеуді қоспағанда, абонент теңгерімінің көмегімен қызметтерге/тауарларға және төлемдерге кейінгі төлемдерді жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін.
2.7. Ережелерде көрсетілген әрекеттерді орындаған Науқан қатысушылары осы арқылы өздерінің Науқан осы Ережелерімен және Науқанға қатысу талаптарымен толық танысқандықтарын және келісетіндіктерін растайды.
2.8. Қатысушы осы Ережеде көзделген шарттарды орындамаған не Абонент осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ фактілерді анықтау нәтижесінде Оператордың қызметтерін көрсетуге арналған Жария шарттың № 2 қосымшасының 4.2.3-тармағы негізінде науқанға қатысушылар және/немесе үшінші тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттерді және/немесе күдікті операцияларды (немесе әрекеттерді) жасаған жағдайда Оператор Қатысушыға кэшбэк беруден бас тартуға құқылы.
2.9. Науқанның жүлде қоры Оператордың қаражаты есебінен қалыптастырылады.
3. Қорытынды ережелер
3.1. Науқан туралы ақпаратты qr.activ.kz сайтынан білуге болады.
3.2. Оператор activ.kz, kcell.kz, qr.activ.kz сайттарына тиісті ақпаратты орналастыра отырып, осы Науқан талаптарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Өзгерістер олардың орналастырылуынан кейін күшіне енеді.
3.3. Оператор төмендегілерге жауапты болмайды:
3.3.1. Науқан Қатысушыларының осы Ережелерде көзделген міндеттерін орындамауы/уақтылы орындамауы;
3.3.2. Науқан қатысушыларының кез келген себеппен Қатысушы кінәсінен кэшбэк алмауы.
4. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР:
4.1. Оператор өзгертілген ережелерді qr.activ.kz сайтында орналастыру жолымен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін кез келген негіз бойынша Ережелердің өзгергені туралы хабардар ете отырып, осы Ережелерді біржақты тәртіппен өзгертуге, сондай-ақ осы Науқанға қатысты қосымша ақпаратты жариялауға құқылы.
4.2. Оператор абоненттік құрылғының және абоненттік нөмірлердің меншік құқығы, иелігі немесе оларды пайдалану туралы қандай да бір дауларға, сондай-ақ оларды тіркеу мәселелеріне қатысты ешқандай жауапкершілікте болмайды. Операторға және/немесе Оператордың аймақтық бөлімшесіне Науқанға қатысу жүргізілген абоненттік нөмірді ұсынатын тұлға тиісті растайтын құжаттарды ұсына отырып, оның шынайы иесі (ЖСН-і тіркелген тұлға) болып есептеледі.
4.3. Оператор науқанға Қатысушының осы Ережеге сәйкес кэшбэк алу құқығын растайтын талаптарға қатысты өтініш жасаған кезінде жауапты Байланыс қызметтерін көрсету туралы жария шарттың және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қалыптастырады.
4.4. Оператор Оператордың ұялы желілерінде, жабдығында орын алуы мүмкін техникалық және технологиялық қателіктер үшін жауапты болмайды.
4.5. Науқанның өткізілуімен байланысты барлық даулар келіссөздер жолымен шешілуі тиіс. Келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда дау қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті сотында қаралуы тиіс.
4.6. Науқанды өткізу барысында Қатысушының үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзуына қатысты үшінші тұлғалар тарапынан Операторға қандай да бір кінәрат-талаптардың болған жағдайында науқан Қатысушысы осындай дауларды өз есебінен өз бетінше шешуге жауапты болады.
4.7. Осы Науқанды өткізу ережелерін Оператор qr.activ.kz сайтында жариялайды.
Науқанға қатысты барлық сұрақтар бойынша Абоненттер Оператордың қоңырау шалу орталығына хабарласа алады:
activ абоненттері үшін 3030 және Kcell абоненттері үшін 9090.
5. НАУҚАНҒА ҚАТЫСА ОТЫРЫП, СІЗ ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚ КЕЛІСЕСІЗ.